IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Matchroom Boxing ұйымдастырған бокс кеші өтіп жатқан Флоридадағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасына келді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық Данияр Елеусінов IBF Inter-Continental титулы үшін намибиялық боксшы Джулиус Индонгомен жұдырықтасады.

Ал кештің басты жекпе-жегінже GGG-дің бұрынғы қарсыластары Дэниэл Джейкобс пен Габриэль Росадо кездеседі.

Геннадийдің аренаға келгені туралы видео Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының Twitter парақшасында жарияланды. «Қараңызшы, бізге кім келді. Қош келдіңіз, GGG », - делінген хабарламада.