«Ювентустың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz инсайдер Кристиан Мартиннің Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, ағылшын клубының өкілдері португалиялықпен байланыс орнатып, оны қайтуға шақырған. Роналду әлі жауап берген жоқ, өйткені ол ойланбаққа ниеттеніп отыр-мыс. Ал «Ювентус» шабуылшыны сатуға дайын, өйткені жылына 31 миллион еуро жалақы төлеуде қиындықтарға тап болып отыр.

Роналду бұған дейін 2003-2009 жылдары «Манчестер Юнайтед» сапында ойнаған.

Осы маусымда 35 жастағы Роналду «Ювентус» сапында барлық жарыстарда бес кездесу өткізіп, алты гол соққан бір нәтижелі пасы тағы бар. Оның клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.