Неймар мен ПСЖ жаңа келісімшартқа қол қою туралы келіссөздер жүргізіп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпаратты ESPN таратты.

Дереккөздің хабарлауынша, 28 жастағы бразилиялық қазіргі келісімшартты 2025 жылға дейін дәл қазір алып жүрген жалақысының (жылына 32 миллион еуро) сақталуы шартымен ұзартуға дайын.

Сонымен қатар, Неймар ПСЖ-дің спорттық директоры Леонардоға клубтың жоспарларына қатысты белгілі бір кепілдіктер беру туралы өтінішпен жүгінді.

Ойыншы мен париждіктер арасындағы қазіргі келісім 2022 жылдың жазына дейін жарамды.

Неймар ПСЖ сапында 2017 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп, 91 кездесу өткізіп, 72 гол соқты және 45 нәтижелі пас берген.