«Барселонаның» бас бапкері Рональд Куман команда капитаны Лионель Мессимен ара-қатынасы жайлы айтты.

«Командаға келгенде Мессидің бақытсыз екенін айтты. Онымен үйінде сөйлестік. Ол бәрін түсіндіріп, менімен ашық сөйлесті.

Месси жаңа белесті бағындырып, титул жеңіп алғысы келетінін түсіндім. Клубпен байланысы дұрыс емес болуы мүмкін. «Барселонаға» Мессисіз гөрі, Мессимен бірге болғаны дұрыс», – деді Куман.