UFC президенті Дэйна Уайт ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Дастин Порье арасындағы жекпе-жек UFC 257 турнирі аясында өтетінін мәлімдеді.

«Бәрі жоспардағыдай болса, МакГрегор - Порье жекпе-жек 23 қаңтар күні «Сарбаздар аралында» өтеді. Алдағы айларда әлемдегі ахуалды бақылаймыз», - деді Уайт.

Еске салайық, олардың алғашқы жекпе-жегі 2014 жылдың қыркүйегінде өтті. UFC 178 турнирінде бірінші раундта Конор қарсыласын нокаутқа жіберген еді.