Ақтауда өткен NFC 25 турнирінің басты жекпе-жегінде Нұрбек Қабдрахманов қарсыласы Ұлан Тамғабаевты төрешілердің шешімімен жеңді. Алайда кейбір жанкүйерлер мен Ұлан Тамғабаев шешіммен келіспейтінін мәлімдеді.

Ал Нұрбек Қабдрахманов Prosports.kz сайтына берген сұқбатында жеңісіне сенімді екенін айтты:

– Өте қиын жекпе-жек болды. Көп күш жұмсадым. Қажет жерінде мінезімді көрсеттім, жігерлік таныттым. Төзімділік пен қайсарлық та болды. Төрешілер мен көбірек тейкдаун жасап, жекпе-жек барысын бақылауымда ұстағаным үшін жеңісті маған берген болу керек. Оған қоса жеңіске деген жігерлігімді де ескерген болар.

Жеңілем деп ойламадым. Бес раундтың кем дегенде үшеуінде жеңіске жеткеніме сенімдімін, – дейді Нұрбек Қабдрахманов.