ММА файтері Конор МакГрегордың сегізбұрышқа қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz MMA Fighting-ке сілтеме жасап.

2021 жылы 23 қаңтарда МакГрегор американдық Дастин Порьемен жекпе-жекке шығады. Олардың жекпе-жегі Лас-Вегаста өтетін UFC 257 турнирінің басты оқиғасы болмақ.

Еске салайық, олардың алғашқы жекпе-жегі 2014 жылдың қыркүйегінде өтті. UFC 178 турнирінде бірінші раундта Конор қарсыласын нокаутқа жіберген еді.

Соңғы рет МакГрегор 2020 жылдың 18 қаңтарында жекпе-жек өткізіп, Дональд Серронені жеңді. Кейін ол өзінің спорттан кететінін жариялаған еді.