Жеңілмеген британдық боксшы Маколей Макгоуэн (14-0-1, 3KO) бос тұрған WBC International бірінші орта салмақтағы титулы үшін жекпе-жекте қазақстандық Тұрсынбай Құлахметті (1-0, 1КО) жеңе алатынына сенімді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, боксшылар арасындағы жекпе-жек 11 қарашада Уэйкфилдте (Англия) өтеді. Бокс кешін IFL TV, АҚШ-та - ESPN + тікелей эфирде көрсетеді.

«Тұрсынбай әуесқой бокста жақсы қырынан танылды және әлемдік титулға апаратын жолды тездеткісі келетіні анық, бірақ менімен жекпе-жекке шығуға келісіп қателесті. Жекпе-жектің басында асықпаймын, шаршаған кезде оны таптап өтіп, жеңіске жетемін.

Мені бұл жекпе-жекте аутсайдер деп санайды, бірақ мен өз күшіме сенімдімін. Менің жеңіске деген күмәнім жоқ.

Бастапқыда мен жартылай орта салмақта жұдырықтасқым келді, бірақ кейіннен маған жоғарыдағы дивизионда титулдық жекпе-жек ұсынылды. Менің ойымша, бұл маған қииынға соқпайды. Керісінше, бұл маған күш-қуат қосады», - деп келтірді Макгоуанның сөзін MTG Global сайты.