Поляк боксшысы желтоқсан айында қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35КО) жұдырықтасқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

RingPolska мәліметінше, Камила Шеремета (21-0, 5KO) GGG-мен 18 немесе 19 желтоқсанда Калифорнияда жұдырықтасады. Жекпе-жек жайлы ресми хабар жоқ. Соған қарамастан поляк боксшысы қызу дайындалып, желтоқсан айындағы жекпе-жекке дайындалуда.

Сондай-ақ, Камил Шереметаның Геннадий Головкинмен жекпе-жекке бапкері Федор Лапинсіз баратыны белгілі болды. Ол басқа поляк Кшиштоф Гловаци 13 желтоқсанда Лоуренс Околимен жұдырықтасатын кезде қасында болады.