WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы бБилли Джо Сондерс (29-0, 14 KO) қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметке (1-0, 1 KO) сәттілік тіледі, деп жазады Prosports.kz.

Британиялық боксшы кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізгелі отырған Тұрсынбайға арнап видеоүндеу жасады.

«Қазақ боксшысы Құлахметке сәттілік тілеймін. Жеңіске жетіңіз. Иншалла, бауырым. Құдай жарылқасын», - деді Сондерс.

Айта кетейік, Құлахмет 11 қарашада Йоркширде (Англия) өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде Сондерстің жерлесі Маколей Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесуде бірінші орта салмақта WBC International титулы сарапқа салынады.