2 қараша күні ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі спортшылар мен жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі басталады.

Аталған турнир Қазақстанда алғаш рет онлайн-форматта өтеді. Ұйымдастырушылар өз аймақтарында жаттығатын спортшылардың қауіпсіздігін сақтап, бір орында көп адамның жиналмауына қадағалау үшін осындай қадамға барып отыр.

Турнир 7 қараша күні аяқталады.