Халықаралық биатлон одағы 2021 жылға арналған BMW IBU кубогының жарыс кестесін жариялады.

Бұрын жоспарланғандай, 2021 жылы IBU кубогының үш кезеңі өтеді.

Індет кезінде спортшылар жиі жолға шықпау үшін ұйымдастырушылар алғашқы екі кезеңді Германияның Оберхоф қаласында өткізу туралы шешім қабылдады.

Ал IBU кубогының үшінші кезеңі Италияны Антхольц-Антерсельва қаласында өтеді.