Нұр-Сұлтан қаласында ATP 250 турнирі басталды, деп жазады Prosports.kz.

Өкінішке орай, жарыс жолын іріктеу кезеңінен бастаған екі теннисшіміз алғашқы айналымда сүрінді.

Александр Недовесов Босния және Герцеговина өкілі Дамир Джумхурға жол берді.

Бір сағат 43 минутқа созылған кездесу 6:1, 5:7, 2:6 есебімен аяқталды.

Ал Денис Евсеев британиялық Марк Полманске есе жіберді.

1 сағат 44 минутқа созылған кездесу 7:5, 3:6, 0:6 есебімен аяқталды.

Еске сала кетейік, Қазақстан астанасындағы турнир 25 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.