Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) әлемдегі ең беделді турнирлерінің бірі ATP 250 жарысы басталды, деп жазады Prosports.kz.

Назарларыңызға қазақстандық теннисшілердің алғашқы айналымдағы қарсыластарын ұсынамыз.

Александр Бублик америкалық Маккензи Макдональдқа, Михаил Кукушикн аргентиналық Федерико Дельбониске, Дмитрий Попко румыниялық Раду Альботқа қарсы өнер көрсетеді.

Ал Тимофей Скатов іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен споршылардың бірімен кездеседі.

Еске сала кетейік, Қазақстан астанасындағы турнир 25 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.