Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2022 және 2023 жылғы маусымдағы жарыстардың өтетін жерлерін қарастырды.

ISU ресми таратқан ақпарат бойынша, 2022 жылғы төрт құрлық чемпионаты Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтеді. Мәнерлеп сырғанаудан 2022/23 жылғы маусымның әлем біріншілігі Жапонияның Сайтама қаласына жоспарланған.

Финлияндияның Хельсинки қаласы 2023 жылы Еуропа чемпионатын қабылдайды. Ал осы жылғы төрт құрлық чемпионаты Австралияның Сидней қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі Канаданың Калгари қаласында өтуі мүмкін. Аталған әлемдік додалардың нақты өтетін уақытын ISU алдағы уақытта ресми хабарлайды.