Бадминтоннан Қазақстан командасының бас бапкері Асқар Орманов спортшылардың карантиннен кейінгі жиыны қайда өтетінін айтты.

"Карантин шаралары жеңілдетілгелі бері бадминтоннан Қазақстан командасы жаттығу жиынын өткізген жоқ. Біздің көптен күткен жиынымыз 31 қазан мен 18 қараша аралығында, Шымкент қаласының маңындағы "Алма-Тау" спорт базасында өтеді.

Еліміздегі үздік спортшылардың барлығына шақырту жібердік. Өйткені, команданың бірлесіп оқу-жаттығу жиындарын өткізбегеніне біраз уақыт болды.

Ал база бізге ұнады. Бұл Ұлттық Олимпиадалық комитет арнайы аккредитациядан өткізген санаулы базалардың бірі", - дейді бас бапкер.