Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен бокс кешінде америкалық Теофимо Лопес украиналық Василий Ломаченконы төрешілердің шешімімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осылайша 23 жастағы Лопес жеңіл салмақта әлемнің абсолютты чемпионы атанды. Үш төреші де Лопесті жеңімпаз деп таныды - 116:112, 119:109, 117:111.

Назарларыңызға аталған жекпе-жектің үздік сәттерінен видеошолу ұсынамыз.