Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Санкт-Петербург ATP 500 турнирінің финалына шыға алмады.

Америкалық Рейлли Опелкамен жұп құрған қазақстандық теннисші жартылай финалда бразилиялық Марсело Демолинер мен Нидерланды өкілі Матве Мидделкоппен күш сынасты.

Бірінші партияда бразилиялық-нидерландылық жұп бірден брейкпен алға шықты – 2:0. Сол басымдылығын сеттің аяғына дейін сақтай алды – 6:4.

Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық-америкалық жұп брейк жасай білді. Соның арқасында есепті 6:3-ке жеткізді.

Тайбрейкте бразилиялық-нидерландылық жұп сәтті ойнады – 10:6.

Бәсеке 1 сағат 2 минутқа созылды.