Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) WTT (Дүниежүзілік үстел теннисі) жастар жарыстарының жаңа құрылымын жариялады.

Қазақстан үстел теннисі федерациясы хабарлағандай, ол екі деңгейге бөлінеді: WTT Youth Contenders және WTT Youth Star Contenders және де олар WTT-тің қалған шараларымен интеграцияланатын болады. Бұл қабілетті ойыншылардың тәжірибелі спортшылармен бәсекеге түсуіне мүмкіндік беріп, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында жасалады.

WTT жастар сериясына келесі жас категориялары кіреді: U11, U13, U15, U17 және U19. WTT сериясындағы жастар жарыстарына өтініш қабылдау 15 қарашаға дейін жүргізіледі. Мүдделі ұлттық бірлестіктер 2021 жылы бірнеше жарыстарды бастауы мүмкін.

Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясының салдарынан 2021 жылдың алғашқы үш айында жастар сериясы бойынша жарыстар болмайды. Маусымның ашылуы сәуір айына жоспарланған. Тағы бір өзгеріс - аралас жұптағы матчтардың болмауы. Оларды бағдарламаға енгізу әр жағдайда COVID-19 жағдайына байланысты.