Қазақстанның бірінші, әлемнің 52-ракеткасы Александр Бублик Санкт-Петербург ATP 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады.

А.Бублик екінші айналымда канадалық, әлемнің 21-інші, осы доданың 6-ракеткасы Милош Раоничпен кездесті.

Қазақстандық теннисші 23-те болса, тәжірибелі қарсыласы 29-да еді. Бұл олардың өзара алғашқы бәсекесі еді. Кезінде әлемдік рейтингте 3-орынға дейін көтерілген канадалық спортшы ATP додаларында сегіз мәрте жеңімпаз атанған болатын. Соның ішінде 2015 жылы Санкт-Петербургте үздік шыққан-ды. 2016 жылы Уимблдон турнирінің финалисі болғаны тағы бар.

М.Раонич матчты сәтті бастап, 3:0 есебімен алға шықты. Бұдан кейін А.Бублик бірнеше брейк-пойнтын пайдалана алмады. Ал канадалық теннисші бесінші сетболын мүлт жібермеді – 6:3.

Раонич екінші партияны да брейкпен бастады – 1:0. Тағы бір брейк – 4:1. Сосын өз геймін де алып, 5:1-ге жеткізді. Ақыры матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:2.

Бәсеке 1 сағат 6 минутқа созылды.