Поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегіне оқу-жаттығу жиынын бастады деп жазады Prosports.kz.

Спортшының инстаграм-парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, ол жекпе-жекке дайындалу үшін Испанияға барған. Аталған елдегі Vista Gym залында жаттығу жұмыстарын өткізеді.

Айта кетейік, Шеремета қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы.

Қос боксшы арасындағы кездесу 21 қарашада өтуі мүмкін.