Польша боксшысы Камил Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді.

– Жекпе-жектің уақытын бірнеше мәрте кейінге шегергеніне қарамастан біз бір үзіліс алмадық. Өйткені жекпе-жектің уақытын аяқ астынан белгілей салуы мүмкін екенін түсіндік. Сондықтан үнемі жаттығып, бабымда болдым.

Мен әлемді таңғалдырып, орта салмақта чемпиондық белбеуді жеңіп алған алғашқы Польша боксшысы болғым келеді. Мен өзіме сенімдімін, - деді боксшы.

Айта кетейік, Головкин мен Шеремета 20 қараша күні Калифорнияда жұдырықтасады деп күтілуде. Әзірге жекпе-жектің өтетіні туралы ресми хабарланған жоқ.