Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (7-1, 3 КО) жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.

Жерлесіміз Минскіде (Беларусь) өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы - украиналық Назри Рагимовым (6-1, 3 КО). Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

WBA Asia белбеуі үшін өтетін жекпе-жекті 7 қазанға қараған түні «Хабар» телеарнасы Нұр-Сұлтан уақытымен 00:30-да көрсетеді.

Айта кетейік, Дәулет рингке соңғы рет 23 ақпанда шыққан. Броварахта (Украина) ол жергілікті боксшы Сергей Сорокты жеңіп, мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізген болатын.