Тель-Авивтің «Маккабиі» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде өз алаңында Бресттің «Динамосынан» басым түсті (1: 0), деп хабарлайды Prosports.kz.

Израильдіктер ойындағы жалғыз голды екінші таймның басында соқты. 50-минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Дэн Битон 11 метрлік соққыны сәтті тебе білді.

Осылайша, «Маккаби» клубы плей-офф кезеңіне өтті, онда олар «Зальцбургке» қарсы ойнайды.

Еске сала кетейік, Бресттің «Динамосы» Чемпиондар лигасының бірінші турында «Астананың» қарсыласы болған.