«Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски клуб жанкүйерлерінің нұсқасы бойынша команданың өткен маусымдағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Польшалық футболшы (51% дауысқа ие болды) Альфонсо Дэвис (16%) пен Томас Мюллерден (13%) қара үзіп кетті.

Левандовски өткен маусымда 47 матч өткізіп, 55 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.

Еске сала кетелік, «Бавария» өткен маусымдаБундеслигада, Германия кубогы мен Чемпиондар лигасында топ жарды.