«Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси Аргентина құрамасында жалғасты өнер көрсетуге ниетті, деп жазады Prosports.kz.

Goal.com сайтының хабарлауынша, Месси Аргентина құрамасы келесі жылы өтетін Америка кубогын жеңіп алуға үлкен мүмкіндігі бар деп санайды. Сондай-ақ, ол 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатында ойнауға ниетті.

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони Мессимен ортақ тіл табысты. Енді Месси ұлттық құрамада осы маманның басшылығымен ойнауға ынталы.