«Барселона» капитаны Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтағысы келмейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Goal.com сайтының хабарлауынша, футболшы Лионель Скалонидің жаттықтырушылар штабының сенімін сезініп отыр және 2021 жылғы Америка Кубогында Аргентина құрамасының жеңіске жететініне сенімді.

Сонымен қатар, Месси Катарда өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатында ойнауды да жоспарлап отыр.

Месси Аргентина құрамасында 2005 жылдан бері ойнайды.