Иранда 27 жастағы балуан Навид Афкаридің өлім жазасына кесілуі Халықаралық олимпиада комитетінің үрейін ұшырды, деп жазады Prosports.kz.

Айта кетейік, кісі өлтірді деп айыпталған ирандық спортшы Навид Афкари 12 қыркүйекте өлім жазасына кесілген.

Навид Афкари күрестен Иран чемпионы атанған. Ол 2018 жылы Иран оңтүстігінде Ширазе қаласында үкіметке қарсы наразылық акциялары кезінде адам өлтірді деп айыпталған. Бұл халықаралық резонанс туғызған.

Афкаридің туыстары және белсенділер құқық қорғау органдары оны қинап, өзі жасамаған істі жасады деп айтқызуға мәжбүрлегенін айтып келді. Спортшының адвокаты оның кінәсі туралы ешқандай дәлел жоқ екенін білдірген.

Иранның сот жүйесі азаптау бойынша айыптауларды теріске шығарған.