Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы оқу-жаттығу жиынын бастады.

Ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиыны Ақмола облысында орналасқан "Жақсы-2" спорт базасында өтуде.

Аталған жаттығу жиынына ұлттық құрамадан 25 балуан қатысуда. Боз кілем шеберлерінің жаттығу жиыны 13 қазанға дейін жалғасады.