Грек-рим күресінен оқу жаттығу жиыны басталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызГрек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы оқу-жаттығу жиынын бастады.
Ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиыны Ақмола облысында орналасқан "Жақсы-2" спорт базасында өтуде.
Аталған жаттығу жиынына ұлттық құрамадан 25 балуан қатысуда. Боз кілем шеберлерінің жаттығу жиыны 13 қазанға дейін жалғасады.