23 тамыз күні Алматыда өтетін бокс кешінің андеркардында жұдырықтасатын 4 жұптың құрамы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Алматы рингінде мына боксшылар жұдырықтасады:

Сағадат Рахманқұлов (6-1-0) – Тұрсынбай Құлахмет (debut)

Нұржан Мақашбаев (0-0-2) – Нұрдос Төлебай (2-0-0)

Берікбай Нұрымбетов (5-0-0) – Талғат Шәйкен (debut)

Талғат Бертілеуов (0-1-0) – Рай Сеитжанов (2-0-0)

Басқа боксшылардың қатысуы нақтыланып жатыр. Еске сала кетелік, кештің басты жекпе жегі кәсіпқой бокс дебютанты Қамшыбек Қоңқабаев пен тәжірибелі Иса Ақбербаев (20-1, 15 КО) арасында өтпек.

Фото instagram.com/mtk_kazakhstan