Орта салмақтағы украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО), қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) өткен жекпе-жекте журналист Майк Коппинджер мен оның әріптестеріне алғыс білдірді олар бұл жекпе-жекті Деревянченко жеңді деп санаған болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Майкке және көптеген журналистер қауымына Головкинмен болған жекпе-жекті әділ бағалағаны үшін көп рахмет. Рақмет, жігіттер!», - деп жазды Деревянченко Коппердің постына жауап ретінде.

Еске сала кетелік, төрешілер 12 раунд соңында бірауыздан Головкинді жеңімпаз деп таныды - 115:112, 115:112, 114:113. Нәтижесінде, Головкин орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша жеңімпаз атанды.

Фото:talksport.com