MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясы 23 тамызда Алматыда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде кімдердің кездесетіні туралы жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің шарықтау шегі әлем және Азия біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері, Қазақстанның әуесқой ұлттық құрамасының капитаны, Токиодағы Олимпиада ойындарының лицензиясына ие болған Қамшыбек Коңқабаевтың кәсіби рингтегі дебюті болары сөзсіз.

Қамшыбек тәжірибелі Иса Ақбербаевке (20-1, 15 КО) қарсыласы атанады.

Айта кетелік, Ақбербаев рингке өткен жылдың 2 қарашасында шыққан болатын. Сол күні кеште ол алтыншы раундта ресейлік Евгений Тищенкодан (7-0, 5 КО) жеңіліп қалды.

Фото instagram.com/mtk_kazakhstan