Үстел теннисінен Қазақстанның ашық біріншілігіне он команда қатысып жатыр. Алайда, коронавирус індетіне байланысты Павлодардағы бірінші айналымнан соң турнир уақытша тоқтап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әзірге, шымкенттік Sigma клубы тоғыз ойынның сегізінде жеңіске жетіп, бірінші орынға көтерілді. Аталған команда сапында жергілікті спортшылар да, легионерлер де сынға түседі.

Атап айтар болсақ, жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Илья Исаков, командалық Ресей чемпионатының жүлдегері Антон Естефейкин, Қазақстан жастар командасының мүшелері Бақдәулет Әкімәлі, Ырысбек Артукметовтер шымкенттік команданың намысын қорғап жатыр.

Қазақстан біріншілігінің дебютанттары турнир кестесіндегі бірінші орынды ұстап тұруға мүдделі.