Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тағы East Cost Pro Series көрме турнирінде қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Попко Майкл Редликиге есе жіберіп алды (6-2, 3-6, 13-11).

Еске сала кетелік, Попко соңғы матчта да жеңіліске ұшыраған еді. Ол тағы бір қазақстандық Григорий Ломакиннен жеңіліп қалған.