10-16 тамыз аралығында Лексингтонда (АҚШ, Кентуки штаты) Top Seed Open халықаралық турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Аталған турнирдің алғашқы айналымында кездесетін теннисшілердің жұбы анықталды.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева бірінші турда әлемнің 56-ракеткасы, австралиялық Айла Томляновичпен кездеседі.

Америкалық Серена Уильямс, Белорусь спортшысы Арина Соболенко, британиялық Йоханна Конта және АҚШ спортшысы Аманда Анисимова турнирдің негізгі төрт ойыншысы саналады.