«Оренбург» шабуылшысы Джордже Деспотовичтың РПЛ-да соққан голы ең үздік болып танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Форвард Ресей чемпионатының 4-турында «Ахмат» қақпасына бисиклета әдісімен гол соқты.

Дәл осы голды РПЛ өкілдері мен «Матч Премьер» сарапшылары үздік деп таныды.

Сербиялық ойыншы Ресейге келерден бұрын «Црвена Звезда», «Локерен» және бірнеше қазақстандық клубтарда ойнаған.