Ресей премьер-лигасының 2019/20 маусымы қорытындысы бойынша үздік бапкердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл құрметті атаққа питерлік «Зенит» бапкері Сергей Семак ие болды.

Дауыс беруге РПЛ командаларының капитандары мен жаттықтырушылары, Ресей құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов, Match Premier телеарнасының сарапшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Семактың басшылығымен «Зенит» қатарынан екінші рет Ресей чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алды.