Аргентинаның бұрынғы ойыншысы Умберто Маскио отандасы Лионель Мессиді әлемдегі үздік футболшы санайтынын айтты.

– Мен Ди Стефано, Пеле, Марадона, Кройффты көрдім. Бәрін көрдім. Бірақ Месси – үздік. Кейбіреулеріне қарсы ойнадым да, бірақ тағы қайталап айтамын, Месси – үздік.

Лео алаңда аз жүгірсе де, допқа иелік еткенде ешкім одан тартып ала алмайды. Жылдам ойыншылардың көбі доппен тез жүгіре алмайды. Бірақ Леода бәрі басқаша, - дейді Маскио.