Халықаралық бобслей мен скелетон (IBSF) федерациясы тарихта алғаш рет онлайн-режимде конгресс өткізбекші.

Конгресс алғашында 30 маусым күні Шанхайда өтеді деп жоспарланған. Кейін отырысты Бельгияға ауыстырып, күз айларына жоспаралаған болатын.

Ресми ақпарат бойынша, қатысушылар конгресті желіде өткізуді құп көрген.

Жиында 2024-2025 жылдардағы әлем чемпионаты мен 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің өтетін жері анықталмақ.