Саблямен семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Бақдәулет Құралбекұлы биылғы маусымда қандай да бір турнирге қатыспайтынын мәлімдеді.

Бұған себеп - коронавирус індетіне байланысты халықаралық федерация қабылдаған шешім.

- 2021 жылға дейін біздің спорттан қандай да бір жарыс өтпейді. Халықаралық семсерлесу федерациясы осындай шешім қабылдады. Биылғы маусымды тұтастай жаттығумен өткізудеміз. Жалпы, карантиндегі жаттығу жұмыстарының әсері мол деп ойлаймын. Әрине, залдардың жабық болғаны біраз қинайды. Өйткені, бізге тәжірибе керек. Алайда, қазіргі ахуалдан асып ешқайда да кете алмаймыз. Дене жаттығуының алдағы жарыстарда оң әсерін тигізері анық, - дейді ол.

Айта кетелік, Қазақстандағы карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылды.