Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы жарыс күнтізбесіне тағы да өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Нәтижесінде, халықаралық ірі жарыс өтпейтін болды.

Атап айтқанда, биыл 21-23 тамыз күндері Малайзияда жоспарланған Malaysia Open халықаралық додасы өткізілмейді. Аталған турнир келесі жылы ұйымдастырылуы мүмкін.