Vino Astana Motors велокомандасының спорт директоры Александр Шушемоин қазақстандық команда не үшін In The footsteps of the Romans – Cup Doltcini веложарысының 25 шілдеде Болгарияда өткен бірінші кезеңіне қатыспағанын айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Команда жарысқа қатысуға үлгере алмады. Біз келесі турнир - «Болгария турына» қатысуға тырысып жатырмыз. Шектеулерге байланысты елге кіре алмадық. Қазір олар Болгарияның Денсаулық сақтау министрлігі мен Спорт министрлігінен рұқсат дайындап жатыр. Ертең шекарадан өтеміз деп үміттенемін.

Жігіттерге келетін болсақ, бәрі қалыпты. Кеше олар тағы да сынақтардан өтті. Бірақ моральдық, әрине, қиын, олардың жарыстарды сәтті бастай алатынына ешқандай сенім жоқ», - деді Александр Шушемоин.

Айта кетейік, «Болгария туры» веложарысы 28 шілдеде басталады деп жоспарланған.

Astana Pro Team командасы «Тур де Франс» жарысына қатысудан бас тартты

«Астананың» үздік шабандозы командадан кетуі мүмкін

«Астана» құрып кетуі мүмкін». Бас менеджер командаға төнген қауіп туралы айтты