Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Минстегі жекпе-жегінің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

26 шілде күні қазақстандық SULEIMEN PROMOTIONS промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде Фируза Шарипова жекпе-жек өткізу қажет болатын. Алайда шекараның жабық болғанынан боксшы Беларусь еліне жете алмаған. Осылайша оның Минсктегі жекпе-жегі өтпейтін болды.

Аталмыш кеште қазақстандық боксшылар, Нұрсұлтан Жаңабаев, Айдос Ербосынұлы, Жан Кособуцкий, Нұрсұлтан Аманжолов, Бек Нұрмағамбет және Евгений Павлов шығады деп күтілуде.

Фируза Шарипова соңғы жекпе-жегін былтыр сәуірде өткізген болатын. Сол кезде ресейлік Анастасия Тришеваны (0-1) үшінші раундта жеңген еді. Қазақстандық боксшы соңғы екі жылда екі ғана жекпе-жек өткізген.

Шарипова - Очигава жекпе-жегі кейінге шегерілдіФируза Шарипова жаңа промоутерлермен төрт жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа отырды