Минск төрінде шаршы алаңға шығатын былғары қолғап шеберлері салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

26 шілде күні өтетін бокс кешінің бас жекпе-жегінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) нигериялық Нуху Лавальмен (27-6, 15 КО) кездеседі. Жекпе-жектің форматы - он раунд.

Ал ауыр салмақтағы Нұрсұлтан Аманжолов (2-0, 1 КО) босниялық Дразан Джанджанинмен (20-30, 17 КО) жұдырықтасады.

2019 жылғы Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде венгриялық Тама Ласкамен (19-21-1, 10 KO) кездеседі.

Кәсіпқой бокстағы тағы бір дебютант, қазақстандық Евгений Павлов хорватиялық Патрик Ренатоға (1-1) қарсы қолғап түйістіреді.