Италиялық В сериясының 36-турында «Ливорно» командасы «Кротонені» қабылдады. Кездесу қонақтардың жеңісімен (5:1) аяқталды, деп жазады Prosports.kz «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

«Кротоне» 65 ұпай жинап, В сериясының 2-ші орынына ие болды, команда осылайша 2020/2021 маусымында А сериясында ойнайды.

Айта кету керек, «Кротоне» клуб тарихында екінші рет элиталық дивизионға шықты. Клуб 2016/2017 маусымда да А сериясына жолдама алған болатын, алайда келесі жылы қайтадан төменгі лигаға түсіп қалған.

Еске сала кетейік, «Беневенто» А сериясына бұдан бұрын келген болатын. Бұл команда да екінші рет жоғарғы дивизионда ойнайды.