Англия Премьер-лигасы жаңа маусымының қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

АПЛ 2020/21 маусымында 12 қыркүйекте басталып, 2021 жылы 23 мамырда аяқталады.

Еске сала кетейік, Премьер-Лиганың биылғы маусымының аяқталуына бір тур қалды, ол келесі жексенбіге жоспарланған.

Айта кетелік, биыл «Ливерпуль» 30 жыл ішінде алғаш рет Англия чемпионы атанды.