Чехия чемпионаты коронавирусқа байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы Лиганың ресми сайты хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Көктемде пандемия кесірінен тоқтап қалған чемпионат 23 мамырда қайта жалғасқан, алайда «Опава» ойыншысының Covid-19 жұқтыруына байланысты бүкіл команда карантинге жіберілді. Клуб жоғарғы дивизиондағы орнын сақтау үшін күрескен.

Дереккөздің хабарлауынша, бірде-бір клуб төменгі лигаға жіберілмейді және келесі маусымда 18 команда ойнайды.

Айта кетелік, маусым қорытындысы бойынша «Славия» Чехия чемпионы деп танылды.