«Барселона» Франция құрамасы мен ПСЖ-ның жаттықтырған Лоран Бланды бас бапкер қызметіне шақыртпайды. Бұл туралы AS басылымы хабарлады.

Бұған дейін жазылғандай, «Барселонаның» спорт директоры Эрик Абидаль француз маманы Лоран Бланмен келіссөз жүргізбеген. Қазір каталондық команда оның кандитатурасын қарастырып жатқан жоқ.

Айта кету керек, Блан 1996 жылдан 1997 жылға дейін «Блаугранада» ойнаған. Алайда ол 2016 жылы ПСЖ-дан кеткеннен бері жұмыссыз жүр.