Ағылшын Премьер-лигасының жаңа маусымының қашан басталатыны белгілі болды.

2020/21 жылғы маусымның шымылдығы 12 қыркүйек күні ашылады. Ал жарыс 2021 жылдың 21 мамыр күні аяқталады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, биыл коронавирус пандемиясының салдарынан АПЛ маусымы алғаш рет 1 жылға жуық уақытқа созылды.